Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сенат Спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі. Ол өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, жасанды интеллект пен цифрландыруды заңнамалық қолдау мәселелеріне баса назар аударды. Сенат Төрағасы Президенттің өңірлік интеграцияны дамыту жөніндегі бастамаларын қолдап, экология және су-энергетика салаларындағы ортақ жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мәдени мұралардың, интелектуалды қазыналардың цифрлық кеңістікке толық көлемде өтуіне мән берген жөн. Сол үшін еңбектердің электронды нұсқасын әзірлеу, аудио кітаптарды көбейту, виртуалды музейлер ұйымдастыру басқа бастамаларды істке асыру аса маңызды.