Атырауда CarGoRuqsat арқылы 53 мыңнан астам жүк көлігі шекарадан өтті

Жыл басынан бері 53 мыңнан астам жүк көлігі CarGoRuqsat онлайн-сервисы арқылы ЕАЭО елдерінің шекарасын кесіп өтті. Бұл туралы ЕАЭО аясындағы ҚҚС әкімшілігі басқармасының басшысы Мирамбек Шманов хабарлады.

Жүйе 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап «Құрманғазы» өткізу бекетінде жұмыс істейді және тасымалдаушыларға мүмкіндік береді:

- кезекті алдын ала брондау,
- құжаттарды онлайн тексеру,
 -шекараны тез өтіп, кептелістен аулақ болу.

Электрондық кезекке тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіп, шекараны кесу күнін және уақытын көрсетіп, бекетке дер кезінде келу жеткілікті: //cgr.qoldau.kz/ru/start

 Бұған дейін CarGoRuqsat Қытай, Өзбекстан және Түркменстанмен шекарада сәтті жұмыс істеген. Кезекті брондау құны — көлік түріне байланысты 1-ден 100 МРП-ге дейін.

Сервис қазақстандық мамандардың қатысуымен әзірленген және шекараны тасымалдаушылар үшін айқын әрі ыңғайлы етеді!