Бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 1,5 пайызға артқан

Елде ана мен нәресте өлімі азайғанымен, бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 1 жарым пайызға артқан. Бұл дерек бүгін Астанада өткен «SARAP» эксперттік клубының отырысында жарияланды. Жиын Президент Жолдауында көтерілген адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру және отбасы саясатын жетілдіру мәселелерімен үндес. Сарапшылар балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік деңгейде бақылауды күшейту керек дейді. Осылайша, заманауи өзгерістерді ескере отырып ұлттық құндылықтарды сақтап қалу маңызды екенін жеткізді.

АҚНҰР ИМАНҚҰЛ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» КЕАҚ, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан отбасыларының әлеуметтік әл-ауқаты деген зерттеу жүргізілген болатын. Сол зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстан ата-аналарының ең басты балаларға қатысты алаңдаушылығы ол интернеттегі қауіпсіздік. Компьютерде көп уақыт өткізу сол екені анықталды. Және бүгінгі талқылау аясында біз соған баға беруге тырысамыз.