Павлодарда «AMANAT» партиясының трамвайы жолға шықты

Павлодарда «AMANAT» партиясының брендтелген трамвайы жолға шықты. Қоғамдық көлік жұмысшы мамандықтарды қолдау мен экологиялық таза көліктің символына айналмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жүзеге асып отыр. Мақсат жұмысшы мамандықтар иелеріне құрмет көрсету. Әрі оларға лайықты жалақы төлеуді қамтамасыз етуді де Президент  тапсырған болатын. Шараға 100-ден аса адам қатысты.   Брендтелген қоғамдық көлік қала көшелерін аралап,  партияның жобаларын  таныстырады. Трамвай –  қаладағы басты қоғамдық көлік. Күнделікті мыңнан астам адам онымен қатынайды.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Трамвайдың ерекшелігі оның ішінде бүкіл партияның бағдарламалары енгізілген. «Жер аманаты», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» дейсіз бе, партияның барлық бағыттағы бағдарламасы анық көрсетілген жұртшылықты түсінікті болу үшін. Айшықты көріністермен ұсынылған. Сондықтан бүгінгі шара кішігірім болса да, қоғам ортасында біздің партияның атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын ауқымды міндеттерін ел арасында насихаттауға бағытталған бір қадам деп айтар едім.