Қарағандыда шахтерлар әулетінен шыққан кенші қыз көпке үлгі болып жүр. Зарина Әлпиева 13 жылдан бері шахтада жұмыс істеп келеді. Бұрыңғы экономист -қазір жер асты шебері. Заринаның банктегі жұмысын жер астына айырбастауына өз әулетінің еңбек жолы мен шахтаға қызығушылығы себеп болған. Сөйтіп ол Қарағандыдағы тау-кен колледжінде қайта оқып кенші мамандығын алып шыққан. Қазір 700-800 метр тереңдікте көмір сынамасын алып қара алтынның құрамын тексереді. Заринаның сынамалары зертханада тексерілген соң көмірдің сапасына қарай жаңа қазба жұмыстары басталады. Сондықтан оның жұмысы өте маңызды.
ЗАРИНА ӘЛПИЕВА, КОСТЕНКО ШАХТАСЫНЫҢ ЖЕР АСТЫ ШЕБЕРІ:
Біз шахтаға түскенде біз тексереміз қандай көмір, біз пробаны аламыз. Бізде айында всегда пластовый аламыз, учасковый, экплуатационные пробы. Сосын сол пробаларды зертханаға апарамыз. Зертханада біз білеміз қандай күл, білеміз қандай көмір, жақсы ма, жаман емес па, сосын жұмыс істейміз сол көмірмен.