«Ұлы дала жорығының» соңғы 50 шақырымы қалды

Торғай топырағында  ұйымдастырылған  «Ұлы дала жорығының» жүйріктері 450 шақырымды шауып өтті.Бесінші кезең мәресіне 11 команда  36 сәйгүлік жетті.5 күнде жеті команда жарыстан шығып қалды. Төртінші кезеңде Алматы қаласы мен Ресей арғымақтары  жорық жолынан шықты.Ал Жетісу, Қырғызстан,Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау,Шығыс Қазақстан облысының командасы  үздік жетінің қатарында.Кіл мықты да, кім мықты екені ертеңгі елу шақырымда белгілі болады. Жүзден жүйрікті, жарыстан жеңімпазды  анықтайтын халықаралық марафонда  атқа қонған арулар да намысты қолдан бермей, Ұлы дала төсінде жортып келеді.

АЙТАҢСЫҚ БӨЛТЕКОВА, ШАБАНДОЗ:

Бұл жерде жол құмда болғанымен ін өте көп.Енді аттар байқамай қаламыз.Себебі шөптер болған соң көрмей қаламыз.Былай жалпы жақсы.Біз ойлағанбыз негізі салқын бола ма деп.Күн ыстық боп түр.Яғни біздің Маңғыстауда дәл осындай ыстық та. Аттарымыз бұл ыстыққа , осындай ауа райына төзімді негізі.

Көмбе жақындаған сайын командалар қарқын қосып, жарыстың жеңімпазы болуға талпынып жатыр.Торғай топырағындағы халықаралық жарыста Қостанай қазанаттары қалыспай келеді.Жорық жолындағы 4 тұлпар да Қостанай жылқы тұқымы.  

ҚҰРМАНҒАЗЫ ӘБДІБЕКОВ, АТБЕГІ (ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ):

Әзірше аттарымыздың күші бар.Осыған дейін аттарымзыдың  күшін артқа сақтадық.Енді команда әлі жаман емес қазір.жақсы келе жатыр.Алдыңғы жаққа шықтық.Төртінші, бесінші орын маңайына шықтық.Бар күшін сарқимыз ғой енді қолымыздан келгенше.Аттардың денсаулығы біледі.Үстіне мініп келе жатқан жігіттердің денсаулығы біледі.