"Қайтарылған заңсыз активтер бойынша толық ақпаратты жұртшылыққа қолжетімді ету керек", - депутат

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт Бас Прокурор Берік Асыловқа заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
 

«Активтерді қайтару бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен олардың қайтарылғаннан кейінгі тағдыры, халыққа пайдасы мен жұмыс орындарының сақталуы жөнінде ашық ақпарат жоқ. Сондықтан активтердің толық түгенделуін қамтамасыз етіп, заңсыздарын мемлекет меншігіне қайтару қажет. Сондай-ақ олардың пайдаланылуы бойынша қоғамға қолжетімді ақпарат берілуі тиіс», – деді депутат.