Алматыда трамвай қайта іске қосылады

Жоба 5 жылда іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Алматыда өткен SHARE халықаралық архитектуралық форумында қаланың бас сәулетшісі Асхат Сәдуов трамвай желісінің қайта пайда болатынын мәлімдеді. Трамвай «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесі бойымен өтіп, әуежай бағытына дейін жалғасады.

«Мақсатымыз – адамдардың полиорталықтар арасында 20 минут ішінде қатынай алуына мүмкіндік жасау. Бұл – әлемдік тәжірибеге сай шешім», – деді Сәдуов.

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Егер қаржыландыру EPC+F форматы бойынша жүзеге асса, трамвай желісі 5 жыл ішінде іске қосылуы мүмкін.