Джеки Чан Алматыға келді

71 жастағы актердің келгені ресми расталған жоқ. Алайда жарияланған бейнежазбалар оның Қазақстанда екенін меңзейді, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала деректерге сәйкес, ол бір фильмнің түсіріліміне қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірқатар халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл туралы Үкімет отырысында Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай айтты.