Қырғыз парламенті өзін-өзі таратты

25 қыркүйекте Бішкекте өткен Жогорку Кенеш отырысында депутаттар өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы қаулыны мақұлдады, деп хабарлайды Astana TV.

Барлығы 89 депутаттың 84-і VII шақырылым парламентінің өзін-өзі таратуын қолдап дауыс берді. Қарсы шыққандар болған жоқ.

Депутат Улан Примовтың айтуынша, Қырғызстанды алда екі ірі саяси науқан күтіп тұр: 2026 жылдың қарашасында – парламенттік, 2027 жылдың қаңтарында – президенттік сайлау өтеді. Конституцияға сәйкес, парламент өзін-өзі таратқаннан кейін 40–65 күн ішінде мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс.