"Жасанды интеллектіні өзгелерден бұрын меңгеріп жатырмыз", - тұрғын

Елдегі барлық сала үш жылда сандық форматқа ауысуы тиіс. Ол үшін қазірден бастап, жүйелі жұмыс атқарылмақ. Әсіресе, жастар қауымы заман талабына сай мамандықтарды игеріп, жасанды интелектіні күнделік өмірге енгізуі тиіс. Сонда ғана елдің дамуы, ғасыр көшінен қалмай, ілесе бермек.

БЛИЦ:

- Жасанды интеллект - қазіргі таңда өте керек деп ойлаймын. Кейбір кезде уақыт үнемдеу үшін жасанды интеллекті көбіне қолданамыз. Бұрын, мысалы, біз әлеуметтік желілерде, не болмаса Google-ды көп қолданатын едік  ғой, бізге керекті мағлұматтарды алу үшін. Ал қазір жасанды интеллект бізге көп көмек бола бастады, осы тұрғыда. Яғни, біз өзіміздің білмейтін сұрақтарымызды жасанды интеллекке қою арқылы көп нәрселерді игеріп, біліп жатырмыз.

- Қазір шынымен де білім де болсын, әрбір салада болсын цифрландыруға баса назар аударылуы тиіс. Және жасанды интелекті де қазірдің өзінде қолданып келе жатырмыз. Сондықтан Президент жолдауы ішінде осыған тоқталып, айтар едім. Шынымен де керемет бастама. Жастар үшінде үлкен мүмкіндіктер болып табылады.