Атырауда колледж студенті танысын дымын қалдырмай тепкілеп тастады

Атырауда қыздар арасындағы жанжал жұрттың жағасын ұстатты. Колледж студенті танысын дымын қалдырмай тепкілеп тастады. Қыз баланы бас-көзге қарамай төмпештеп  жатқанын сол жердегі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Екеуі де қаладағы Сервис колледжінің студенттері болып шықты. Зардап шеккен қыз балаға ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ем-домынан соң үйіне жіберілген.  Полиция тергеу бастады.  Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған.

ЖАНДОС САДЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ №1ҚПБ БАСТЫҒЫ:

Құқық бұзушылыққа жол берген екі жасөспірім қыз анықталып, полиция бөлімІне жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті жасөспірімді  бейімдеу орталығына орналастырылды.  Ұрып-соғу дерегі қылмыстық іс тіркеліп, кешенді   тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.