"Аюлар адамдардан үрікпейді". Сенатор Қайрат Тастекеев жабайы жануарлардың қорық аумағынан тыс жерде де жүре беретініне алаңдаушылық білдірді. Оның мәліметінше, Қазақстанда 15 мыңға жуық қасқыр, 23 мыңнан астам шибөрі және 50 мыңнан астам қабан мекендейді. Тез бейімделетін шибөрілер табиғат пен ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Сондықтан бұл мәселені заңмен реттеу керек деді.
ҚАЙРАТ ТАСТЕКЕЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді қызметін қамтамасыз етіп, жабайы жануарлар санын басқару жөніндегі қажетті шараларды іске асыру керек. Жануарлардың адамдарға, малға және ауыл шаруашылығы алқаптарына шабуыл жасау фактілерінің бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырып, ол деректерді квота белгілеу кезінде ескеріп, пайдалану керек.