Ердің атын еңбек шығарады

Еңбектің бейнетінен қашпағанда ғана зейнетін көресің. Жыл он екі ай бойы қала тазалығы үшін тер төгіп жүрген оралдық жұмысшылардың айтары осы.

Сәбит Қамидоллаұлы қала тазалығына жауапты коммуналдық мекемеде 7 жылдан бері еңбек етеді. Қыста қар тазалап, жолдың мұзын ойса, көктем мен күз, тіпті жазда да тыным тапқан емес. Бірақ шаһардың шырайын ашар тазалықты сақтауға тұрғындардың өзі де мүдделі болып, жанашырлық танытса деген пікірде. Бүгінде бел шешпей еңбек етіп жүрген әріптестерінің бәрі - егде жастағы азаматтар. Сондықтан жастар ауыр еңбектен қашпай, қоғам игілігі үшін қызмет етуге ұмтылғаны жөн дейді.

СӘБИТ ҚАМИДОЛЛАҰЛЫ, "ЖАЙЫҚ ТАЗА ҚАЛА" МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Еңбек етсең емерсің дейді ғой. Сен еңбек етіп, еңбекке құлшынса адам ол жақсы болады. Еңбектің адамы ол еш уақытта да далада қалмайды ғой. Еңбектің үлкен-кішісі жоқ қазіргі заманда. Адам еңбек етіп, тұрақты еңбектенсе, еш уақытта аш қалмайды. еңбек еткен адам далада қалмайды.