Атырау облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен соңғы екі жылда 69 жас маман баспаналы болды. Ауылдық елдімекендердің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламамен көтерме жәрдемақы алғандар да бар. Былтыр баспана мен көтерме жәрдемақы үшін 380 млн теңге бөлінген. Олар -мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл шаруашылығы саласы мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер. Биыл да еңбек жолын ауылдық жерде бастауды жөн санаған дипломды жастар қолдаусыз қалған жоқ. Аймақта аудан орталығынан тұрғын үй сатып алу үшін 250 айлық есептік көрсеткіш белгіленген. Бұл 10 млн теңге шамасы. Ал ауыл үшін 7 млн 800 мың теңгеген асады. Айта кетейік, келесі жылға да ауылда жұмыс істеймін деген жас маманды қолдау үшін 300 млн теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.
РУСЛАН ЖҰМАҒАЗИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдық жерге жұмыс істеуге барған 143 жас маманға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы төленді. Оған бюджеттен 62 млн теңге бөлінді.. Сонымен бірге тұрғын үй сатып алу үшін 31 маманға 301 млн теңге бюджеттік несие берілді. Бұл бағдарлама басталған 2009-2024 жылдар аралығында екі мың жеті жүз жас маманға әлеуметтік қолдау көрсетілген.