NASA айға қауіп төндіретін астероидқа ядролық соққы бермекші

 Халықаралық ғалымдар тобы, соның ішінде NASA мамандары 7 жылдан кейін аймен соқтығысуы мүмкін 2024 YR4 астероидын жою үшін ядролық қару қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Report.
2024 YR4 астероиды 2024 жылы табылды. Бастапқыда оның жерге соғу ықтималдығы шамамен 3% деп есептелді. Кейін бұл қауіп жоққа шығарылды. Дегенмен, ғалымдар 2032 жылдың аяғында айға әсер етуі шамамен 4% екенін ескертеді.

Ғалымдар 2024 YR4 аймен соқтығысуының алдын алудың екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі — астероидтың орбитасын өзгерту болса, екіншісі — ядролық қарумен аспан денесін жою. Соңғы нұсқа үшін бір мегатонналық ядролық бомба жеткілікті, — делінген ақпаратта.


Команда астероид туралы түпкілікті шешімді 2028 жылдың соңында, ол жерге жақындағаннан кейін ұсынады.