Қайтарылған активтер есебінен 7 жаңа медицина нысаны бой көтерді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілуде. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асырылуда.

 Ақтүбек пен Кеңгір ауылдарында заманауи дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды.

 Ал Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ және Егінді ауылдарында бес медициналық пункттің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл нысандар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 880 млн теңге бөлінген.