Алматыда 28 қыркүйекте өтетін дәстүрлі Almaty Marathon аясында бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі,-деп хабарлайды Astana TV.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жолдар 27-28 қыркүйек күндері таңғы 06:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады.
Бұл жылы марафонға 60-тан астам елден келген 16 мың спортшы қатысады.