Астанадағы ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында келер аптада қозғалыс басталады. Бұл туралы әкім Жеңіс Қасымбек айтты,-деп хабарлайды Astana TV.
«Біз келесі аптада, яғни, бір аптадан кейін тест режимінде бір-екі станцияның арасында пойыздардың қозғалысын бастаймыз. Жалпы тест режимі 3 айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді. Желтоқсанға дейін толғымен 18 құрам келеді», - деді Жеңіс Қасымбек.