Қазақстандық альпинист Манаслу шыңын бағындырды

Қазақстандық альпинист Жәмилә Баширова биіктігі 8163 метр болатын Манаслу шыңына көтерілді. Бұл – оның бағындырған сегізінші шыңы.

Спортшының айтуынша, мұндай мақсатқа жету үшін тұрақты дайындық қажет.

«Жай ғана тауға шығу үшін жаттығу залына бару жеткіліксіз. Аптасына 3–4 рет жаттығу жасап, жүгіру мен төзімділікті арттыру керек. Сонда ғана ағза биіктікке бейімделеді», – деді ол.


Альпинист бұған дейін Эверест, Ленин шыңы, Аконкагуа, Эльбрус және Винсон шыңдарын еңсерген.