Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, 21 қыркүйекте ауруханаға дене жарақаттарымен үш жасар бала жеткізілген.
Дәрігерлер оның желке сүйегінің жабық сынуын, сол жақ қасы үстіндегі жараны, жұмсақ тіндердің көптеген көгерулерін және дене бөліктеріндегі қан ұйып қалған іздерді анықтаған. Бала есін жимастан көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.