2025 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласында (Оңтүстік Корея) тарихтағы алғашқы FIDA дрон-соккер әлем чемпионаты өтуде. Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысуда.
Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді:
• №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
• №8 мектеп-лицейі,
• SKILLSET мектебі.
Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты.
Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады.
Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам.