Прокуратура, нотариустар, риэлторлар мен банктер алаяқтық күрес үшін бірікті

Алматы қаласының прокуратурасында интернет және телефон алаяқтығының алдын-алу мақсатында ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойылды.
 
Барлық келісімдер бір іс-шара аясында жасалды.
 
Ағымдағы жылдың сегіз айында Алматыда 6 мыңнан астам алаяқтық оқиғасы тіркелді, оның 1,7 мыңнан астамы - интернетті пайдалану арқылы іске асқан.
 
Қауіп-қатерлерге жауап ретінде қала прокуратурасы бірқатар маңызды ұйымдармен серіктестік құруға бастамашы болды.
 
Іс-шараға Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, «ВТБ Банкі (Қазақстан)» АҚЕҰ басқарма төрағасы Дмитрий Забелло, «Еуразиялық Банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Сатиева, «Банк ЦентрКредит» АҚ бірінші вице-президенті Рустам Тенизов, Алматы қаласы Нотариаттық палатасының төрағасы Қарагөз Қалабаева және «Мир Квартир» ЖШС директоры Алуа Мадышева қатысты.
 
Қала прокуроры Серік Кәріпбеков мұндай қылмыстардың алдын-алу, мемлекет пен бизнестің үйлесімді өзара іс-қимылын талап ететінін атап өтті.
 
Қол қойылған келісімдер, азаматтарды жүйелі қорғау мен цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған қадам болды.