Елімізде әлеуметтік төлемге ауыз ашатындар көбейген. Өтірік ажырасып, көпбалалы әрі жалғызбасты ана ретінде тіркеліп, мемлекеттен пәтер алғандар немесе түрлі әлеуметтік жәрдемақымен жан баққандар жетерлік. Олардың көбейгені соншалық, ел қазынасының елеулі бөлігі соларға жұмсалып отыр. Ал бұл қаржыға инфрақұрылымды дамытып, мектеп пен аурухана қала берді жол салуға болар еді. Мемлекет басшысының Жолдаудағы пікірін тұрғындар қолдайды. "Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс", дейді.
БЛИЦ:
- Адам өзі үшін өмір сүріп, өзін өзі көтеруі керек қой. Еңбек етуі керек. Еңбек етсең далада қалмайсың ғой. Қазір Президентіміз жақсы-жақсы жолдар ашып берді ғой бәріне. Тек қана еңбек ету керек қой жастарға. Жастар еңбек еткісі келмейді, жеңіл ақша тапқысы келеді.
- Мен негізі Үкіметке ауыз ашқан адамдарды түсінбеймін негізі. Енді білмеймін. Екі қолы, екі аяғы сау адамдар өздері еңбек етуі керек шығар?
- Мүмкіндік беріп тұр. Жұмыс істеп, сол мүмкіндікті пайдалан. Себебі бәрібір біреуді алдаған адам өзі де сондайдың құрбаны болады деп есептеймін.
- Біреулер ауылда пособие алып отырады. Ал жұмыс істегісі келмейді қанша жұмысқа шақырса да ауылдағылар. Пособием жетеді дегендей, мен неге жұмыс істеуім керек дегендей.
-Әлеуметтік масылдықты қолдамаймын. Бірақ, өкінішке қарай, кейбіреулер жәрдемақыны алу үшін әдейі ажырасып та жатады. Әр жағдай жеке қаралуы керек. Шын мұқтаж адамдарға көмек көрсетілуі керек.
-Әлеуметтік алаяқтық заңға қайшы іс. Көптеген қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, оған қарамастан оны мұқтажсыз жандар алады деп ойлаймын. Бұл еліміздің дамуына көркеюіне кедергі болады деп ойлаймын ең біріншіден.
- Еңбек етем деген, ақша табам деген адамға ешқандай кедергі жоқ.
- Масыл деген жалқаудың тірлігі ғой негізі. Бәріміз жұмыс істейміз, немере асыраймыз, жүрміз ғой жұмыс істеп.