Жамбылда жүк көліктері жиі тұрып қала беретін ескі «Күйік асуы»-ның жолында былтыр күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Қыс келіп, қар түссе асуға шыға алмай жол жиегінде жиі тұрып қалатын жүргізушілердің бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі, асфальт төсеуді тендермен ұтып алған мердігер жолды тегістеп, құм төсеп жарты жолдан жұмысты тастап кеткен. «АМАNАТ» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері мен депутаттар бітпей қалған істі бақылауға алды. Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» алғашқы жауапсыз мердігермен соттасып, жолды аяқтауға басқа компаниямен келіскен. Қазір мұнда 71 техника, 105 адам жұмыс істеп жатыр. Тау ішінде төселіп жатқан 12 шақырымнан астам тас жол құрылысына 7 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құрылыс келер жылы аяқталады. Бүгінде жолдың 60 пайызы дайын.
ГУЛАМ УМАРОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда сапасы жаман емес, технадзормен сөйлестік өз жұмыстарын атқарып жатыр. Мердігерге ұсыныс айттық. Жол болғаннан кейін, көп адам жүргендіктен. Сол үшін біз өз тарапымыздан айттық. Бұл жерде кішкене жағдай жасау керек. Жолаушыларға туалет салу керек, паркинг жасау керек. Соны қосымша біз ұсыныс бердік.