LRT-ның бірінші пойызы рельспен жүріп өтеді

Келер аптада LRT-ның бірінші пойызы рельспен жүріп өтеді. Бұл сынақ есебінде. Тест режимі үш айдан алты айға дейін созылады. Ал келер жылдың басында пойыздар толық пайдалануға беріледі. Жол ақысы, әзірге, 200 теңге деп бекітілді.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

29-30 қыркүйекте Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел бағытындағы көпірге қарай станциялар аралығындағы пойызды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытын, станциялар мен пойыздар санын арттырамыз. Жалпы, тестілеу үш айдан алты айға дейін созылады.