Астанада жаңа локомотивтер таныстырылды

Астанадағы Wabtec зауытында жаңа локомотивтер таныстырылып, ұзақ мерзімді әріптестік туралы келісімдер жария етілді. Тараптар қол қойған құжаттардың жалпы құны 4 миллиард доллардан асады.  

Зауыт цехында жұмыс қызып жатыр. Мұнда құрастырылып жатқан әрбір локомотив ертең еліміздің кең даласында мыңдаған тонна жүкті тасымалдайды. Бүгін осы жерде қазақстандық және америкалық компаниялардың жаңа серіктестігі таныстырылды. Келісімшарт көлемі 4,2 миллиард доллар. Соның аясында алдағы 10 жылда 300 жаңа тепловоз сатып алынады. Бұған қоса, бұрын алынған 405 локомотивтің сервистік мерзімі 2058 жылға дейін ұзартылмақ.

ШОЛПАН ОМАРБЕКОВА, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл біржолғы мәміле емес. Бұл – Қазақстанды ондаған жылға заманауи құраммен және сенімді сервиспен қамтамасыз ететін стратегиялық әріптестік. Бұл келісімнің аясында жаңа тепловоздар ғана алынбайды, 2058 жылға дейін барлық локомотивтің сервистік мерзімі ұзартылып, жаңа техникалар 18 жыл бойы толық қызметпен қамтылады.

Жаңа локомотивтердің артықшылығы көп.  Отынды үнемдейді, жоғары тарту күші басым, кез келген ауа райына төзімді. Ең бастысы - машинистерге барлық жағдай жасалған: кондиционер, микротолқынды пеш, тіпті шағын демалыс аймағы бар.

АСАН ҮМБЕТОВ, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің бригадаларға барлық условия жасалған. Өздерінің тамақтарын қыздырып және холодильникке суытып алуға болады. Бұл локомотивтердің ең жақсысы экономия дизельного топлива. Серия локомотивтерге қараған кезде бұлар экономия дизельного топлива береді. Және ремонт бойынша келетін болсақ старый локомотивтер 36-48 сағат сайын ТО2-ға және ай сайын ТО3-ға келетін болған ремонт бойынша. Ал бұл локомотив біздерде 90-120 сутканың ішінде бір-ақ рет ремонтқа келеді. Қалған уақытының бәрінде эксплуатацияда жүреді.

Қазақстан тек жаңа техника сатып алумен шектелмей, бүкіл өңірге теміржол саласында сервис көрсететін орталыққа айналуда. Қытайдан Еуропаға дейінгі транзиттік дәлізде орналасқан ел үшін мұндай әріптестік - болашақтағы бәсекеге қабілеттіліктің кепілі.