Еліміздің атом өнеркәсібінде 17 мыңнан аса маман еңбек етеді

Қазақстан атом өнеркәсібі – ұлттық экономика мен технологиялық даму үшін маңызды салалардың бірі. Қазіргі таңда осы салада 17 мыңнан аса жоғары білікті маман еңбек етуде.

Олардың қатарын көбейтуде белсенді жұмыс жүргізілуде. Еліміздегі алты жетекші университетте ядролық және атом энергетикасы мамандықтары бойынша 1000-ға жуық студент оқып жатыр.  Атом саласының дамуы – ғылым мен өндірістің тоғысуы, жаңа технологияларды игеру мен кәсіби кадрларды даярлаумен тығыз байланысты. Еліміздің осы бағыттағы жетістігі – атом қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі.

НҰРЗАДА БЕЙСЕН, ҚАЗҰУ ФИЗИКА ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Біз қазірден бастап екінші және үшінші атом электрстанцияларының құрылысын жоспарлауға кірісуіміз қажет. Бұл – уақыт талабы. Себебі, болашақта электр энергиясына деген сұраныс еселеп артады, ал дәстүрлі энергия көздері шектеулі әрі экологиялық тұрғыдан қазіргі таңда тиімді болмай тұр. Уақытты оздырмай, алдын ала жоспарланған жұмыс қана біздің әлемдік технологиялық бәсекелестікті алға шығарады.