«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері үшін семинар-тренинг өтті

Елордада "Әйел - өзгеріс бастауы" атты семинар-тренинг өтті. Шараны «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты ұйымдастырды. Онда  әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі талқыланды.  Әйелдер қанатының соңғы екі жылдағы атқарған ілкімді істері бойынша сөз қозғалды. Бұдан бөлек, жиынға келген «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бірқатар мүшесі арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

САЛТАНАТ ДЖЕНАЛАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Бүгінгі кездесудің мәні зор. Өйткені мұндай басқосулар әйелдер көшбасшылығын біріктіріп, тәжірирбе алмасуға өзекті мәселелерді талқылауға және бір-бірімізді қолдау көрсетуге жол ашады. Біздің мақсатымыз айқын әйелдердің кез-келген салада табысқа жете алатынын көрсету. Ол бизнес саласы болсын саясат болсын немесе отбасы болсын әйелдер әрқашан қоғамның тірегі әрі қорғаушы күші болады.