Қызылжарлық студенттер оқу орнының жұмысын жеңілдететін қосымша ойлап тапты

Қызылжарлық жастар тың қосымша ойлап тапты. Онда студенттерге қажетті барлық ақпарат бар. Қосымша қазір күнделікті қолданылуда.  

Қозыбаев университетінің қос студенті Даниял Абуов пен Андрей Казанцев тың жобаны небары 3 айда іске асырған.  Қазір қосымшаны оқу орнының 5 мыңнан астам студенті қолданады.

ДАНИЯЛ АБУОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мен университеттің сайтын ақтарып отырып, оның сәл күрделі екенін байқадым. Сосын телефонымда сабақ кестесінің кішігірім виджетін жасап көрдім. Досым оны көріп, әрі қарай дамытуды ұсынды. Қазір қосымша андройд және IOS-та да жұмыс істей береді.

Жаңа қосымша бірнеше бөлімнен тұрады. Бастапқыда тек сабақ кестесі мен оқушылардың үлгерімі  қамтылса, тағы бірнеше бағыт қосылған. Жастардың айтуынша, қосымшаның мүмкіндігі кең. 

БЛИЦ:

- Барлығын предусматрететкен. Адамның ойынша қалай жақсы болады деген сияқты. Общежитиенің суреттерін қойып, ішінен көрсеткен. Сабақтың қашан болатынын.

- Оның бір жағы жатақхананы таңдау. Бұрынғы сайтта жатақхананы оңай таңдай алмайтын едік. Өзіміз барып, кезекте тұрдық. Ал қазір қосымшада мүмкіндік бар.

Мемлекет жастардың сапалы білім алуына, бәсекеге қабілетті маман болуына барынша қолдай жасайды. Университет басшылығы қосымшаны әрі қарай дамыту үшін қос студентті жұмысқа қабылдап, ай сайын жалақы  төлеп отыр.

ӘДІЛХАН ТӨЛЕПБЕРГЕН, М. ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ:

Студентеріміз жасанды интелектіні қосымшаға қосатын болады. Өйткені білім министрлігінде эйагент дейтін жобалар бар. Сол бойынша неше түрлі студентерге ыңғайлы болатын модульдерді қосатын болады. Студентер, жастар өздеріне қажетті затты өздері әзірлесе, өздеріне де ыңғайлы болады.

Қосымшаны әбден жетілдірген жас өнертапқыштар енді бір университетпен шектелмей, ел ішінде қолданушылардың аясын кеңейтуді көздеп отыр.