«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты Ақтас ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Өрт сөндіру пункті 500-ден астам халқы бар екі елді мекенге қызмет көрсетеді.
Жаңа нысанда тәуліктік кезекшілікке қолайлы жағдай жасалған: душ, демалыс бөлмесі, ас үй және қызметтік бөлмелер қарастырылған.
Бұл жоба ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған.