Алматыға “Реал Мадридтің” негізгі құрамы келеді

Испаниялық клуб инстаграм парақшасында Алматыға келетін құрамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

 «Реал Мадрид» 30 қыркүйек күні Чемпиондар лигасында алматылық «Қайратпен» кездеседі.

Тарихи матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.