Кейінгі бір тәулікте шаһардағы аудандар танкілермен атқыланып, ұшақтар 140 нысанға соққы жасады, деп хабарлайды Astana TV.
Аймақтағы Денсаулық сақтау органының хабарлауынша, бомбалаудан 20-дан астам адам көз жұмып, ондаған тұрғын жараланған.
Үйінділер астында қалып қойғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ Израиль әскерінің қаланы жиі атқылауы бұған кедергі келтіріп жатыр.