Биыл 8 ай ішінде 9,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ оралды.
Қандастардың:
45,7% - Өзбекстан;
41,8% - Қытай;
4,6% – Түрікменстан;
2,7% – Монғолия;
2,6% – Ресей;
2,6% басқа елдерден келген.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,3%-ды және зейнеткерлер 9%.