Ақмола облысы Астраханка ауылындағы мектептен 370 адам эвакуацияланды

Астраханка ауылындағы мектептердің бірінде электр қалқанында қысқа тұйықталу болды. Өрт шыққан жоқ.

Барлығы 370 адам, оның ішінде - 330 оқушы мен 40 қызметкер ғимараттан өздігінен эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.