Ертеңгі ойында Шерхан Қалмұрза қақпаға тұрады

Ертеңгі ойында Шерхан Қалмұрза қақпаға тұрады.

Бұл туралы «Қайрат» ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Алматыдағы баспасөз конференциясында  айтты.

Сондай-ақ, Рафаэль Уразбахтин команда ертеңгі ойынға толық дайын екенін айтты.

«Қайрат» матч барысында тек қорғаныспен шектелмей, шабуылға да шығып, тең ойын көрсетуге ниетті.

Қақпашы Темірлан Анарбеков пен қорғаушы Александр Заруцкий жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Ертең қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғайды.
 

«Бұл матч тек біз үшін емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға. Өз алаңымызда болған соң, мүмкіндігіміз жоғары. Бізге сену керек. Жоғары деңгейдегі клубпен ойнау – үлкен тәжірибе әрі сынақ»,-деді бас бапкер.