Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту керегін шегеледі.