Астанада шетелдегі алаяқтарға көмектескен төрт дроппер ұсталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар. Олар алаяқтық схема арқылы ел азаматтарының ақшасын заңсыз иемденуге көмектескен. "Ақшаңызға қауіп төніп тұр",- деп, қаражатты Ұлттық банктің жалған шоттарына аудартқан. Алаяқтық әрекеттен 7 адам зардап шеккен, келтірілген материалдық шығын көлемі 5 жарым миллион теңгеден асады.
ДИНАРА ТУКЕЕВА, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
Екеуі сыйақы үшін өзге тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын іздестірген. Біреуі карталарды алып отырған, ал екіншісі банкоматтар арқылы ақшаны шешіп отырған. Барлық айыпталушылар сотқа берілді.