Атырауда ұлттық “Келешек мектептері ” жобасы аясында салынған білім ордасында ашық есік күні өтті

Атырауда ұлттық “Келешек мектептері ” жобасы аясында салынған  білім ордасында ашық есік күні өтті. Қала  маңындағы “Жұлдыз-2” ықшамауданының балалары білім алатын №48 мектептің заманауи жабдықтары мен оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен танысты.  900 оқушыға арналған мектеп қыркүйекте оқушы қабылдаған еді.

Мектеп ұжымы ата-аналарды ерекше қарсы алды. Ұстаздар бортсерік боп, ата-анаға ұшақ билетін ұсынып, білім кеңістігіне шақырды.   Мұнда оқушылардың  қауіпсіз білім алуына  жағдай жасалған. 110 бейнекамера орнатылған,  оның 25-і ғимарат сыртында.   Ата-аналар асхана, оқу кабинеттерін аралап көрді.

ЖЕМІС ДҮЙСЕНБЕКОВА, АТА-АНА:

Бұрынғы мектепте  балаларымызда лаборатория кабинеттер  болмаған.  Қазір үлкен балам 9 сынып оқушысы  барлық химия,  биология пәндерінен  лаборатория кабинеттері  бар, сол жағынан өте қолайлы болды. Қуаныштымыз. Домбыра үйірмесіне жазылды екінші балам.

Оқушылар сабақ барысында үйренген түрлі зертханалық жұмысын көрсетті.  Мектепте  спорт, шығармашылық, ұлттық ойындарға арналған 12 үйірме жұмыс істейді. 3 спорт зал бар. Ерекше балаларға да қолайлы орта жасақталған. Жеделсаты бар.

ОРЫНГҮЛ ХУАНДЫҚОВА, №48 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ерекшелігі ауыл мектептері мен қала мектептерінің  арасындағы айырмашылықты  жою. Өздеріңіз көріп отырғандай, мұнда  келешек мектептерінде баланы білім алуына, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалынған.  Кабинеттердің бәрі қазіргі заман талабына сай. Сонымен  қатар ерекше балаларға арналған түгел құрал жабдытар мен кіру барысынан бастап түгел жағдай жасалынған. 

АЙНАГҮЛ ЖҰМАҒАЗИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Атырау облысында 9 келешек мектептерін салу жоспарланған.  Былтырғы жылы 3 келешекк мектебі пайдалануға берілді.  4іншісін ашып  отырмыз. Алға қарай екі келеешк мектебін ашу жоспарланып отыр. 

Кірсе шыққысыз мұндай жайлы орта  оқушылардың білім көкжиегіне жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз,- деп тарқасты ата-аналар. Айта кетейік, аймақта тағы осындай екі “Келешек мектеп” ашылмақ.