Астанада жасанды интеллектке арналған ұлттық байқау өтті

Астанада жасанды интеллект саласындағы ұлттық байқаудың финалы өтті. Мектеп оқушылары, студенттер, стартап және ғылыми командалар өздерінің болашаққа бағытталған жобаларын қорғап, үздіктер анықталды. Финалға еліміздің барлық өңірінен іріктелген 20 жоба жолдама алған. Бұл іс-шара Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы таланттарды анықтап, дамыту үшін маңызды қадам.

ҰЛЖАН ЫДЫРЫСҚЫЗЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

3 минут беріледі. Әр категориядан бір-бір ең мықты деген жоба таңдалынады. Оларды ертең президенттің өзі Digital breach form -ның аясында, өзі марапаттайтын болады. Оқушылар, студенттер адамның миына келмейтін заттар жасаған.