Қызылорда облысы Жалағаш ауданында ардагерлер балық аулап жарысты. Оған ауданға қарасты барлық ауылдан 21 адам қатысты. Ақсақалдар бір-бірімен емін-жарқын әңгіме айтып, өзіндік тәжірибелерімен бөлісті. Екі сағаттың ішінде қармағына іліккен олжаларын өлшеп, сайыс қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. Бұл біз үшін үлкен демалыс, керемет кездесу болды дейді ардагерлер. Айта кетейік, шара «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылды.
БОЛАТБЕК НҰРЖАНОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Ардагерлер үшін тиімді әрі пайдалы деп ойлаймын. Қазір күйбең тірліктің арасында осындай табиғат аясында балық аулап көңіл көтерген ардагерлерге денсаушылығына, уақытын тиімді өткізуіне, көңілді өткізуіне өте тиімді деп ойлаймын. шағын болса да қармаққа мындай шабақ болса да түсіп жатыр.