Атырауда мектеп оқушылары арасында «Таза Қазақстан – таза сана» атты театралды көріністер сайысы өтті

Атырауда мектеп оқушылары арасында «Таза Қазақстан –таза сана» атты театралды көріністер сайысы өтті. Мақсаты балаларды еліміздің экологиялық мәселелерін түсініп, табиғатты аялауға,  жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 11 мектеп ұсыныс берген. Әрқайсысы аймақ үшін өзекті мәселелерді қойылымның өзегі етіп таңдаған. Әсіресе, Атыраудың асқынған экологиясын, Жайық өзенінің жайын, тіпті Азғыр полигонының зардабын  көрсетіп, көрермендердің де, әділ қазылардың  да көзіне жас алғызды. Сайыс нәтижесінде, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарынан келген топтар жеңімпаз атанды.

ЭЛЬМИРА СЫДЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Құрманғазы ауданынан, Жылыойдан, Махамбеттен, Қызылқоға ауданынан және қаланың 3 мектебінен қатысты. Негізгі тақырыптар бүгінгі: қоқыстарды бөлек сұрыптау, су мәселесі, суды үнемдеу, Азғыр полигоны бойынша қозғалды.

АЙДАНА ӘЛЕШОВА, БАЛҚҰДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Азғыр өңірінің мәселесін барлығы біледі. Бірақ оған әлі күнге дейін көп назар салмай жатыр. Бүкіл экологиялық мәселередің басты  проблемасы білімсіздіктен.  Мен өзім химик болғаннан кейін айта аламын.  Ол жердегі радиация, мутация, оның қалай жүретіндігін барлығын  білемін. Ондай жағдай біздің жақта көп. Ең бірінші мақсатым оқушыларыма жеткізе алу болды.