Ол мас күйінде қоғамдық орында тәртіп бұзған және полиция қызметкерлеріне бағынбады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 44 жастағы Бейбіт Қорғанды ұстап, хаттама толтырды. Себебі әнші қоғамдық орында тәртіпті сақтамаған және мас күйінде болған.
— Қоғамдық орында тәртіпті сақтамады, бейәдеп сөздер айтты және көліктегі полиция қызметкерлеріне бағынбады. Қоғамдық орында мас күйінде болды. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапқа тарту үшін істі сотқа жіберді, - деп хабарлады .
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша қозғалды. Бүгін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды.