Еңбек күніне арналған жәрмеңкеде 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Атырауда «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында мемлекеттік грант және пайыздық жеңілдікпен несие алып, өз кәсібін бастаған кәсіпкерлердің қатысуымен көрме-жәрмеңке өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрмеде тігін өнімдері, қыз жасауы, мамандарға арналған арнайы киімдер, ет, сүт, нан өнімдері, қолөнер және естелік бұйымдар қойылды.

Іс-шара барысында 56 жұмыс беруші 700-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар қала және аудандардан келген 50-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін көрмеге қойды.