Трамп пен Нетаньяху соғысты тоқтату туралы келісімге келген.
Бұл туралы ВВС басылымы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ президенті Израиль премьер-министріне Газа секторындағы соғысты тоқтату жоспарына келіскені үшін алғыс білдіріп отыр.
– Бұл – әлеуетті өркениет тарихындағы ең ұлы күндердің бірі. Бүгін – әлем үшін тарихи күн, – деп тебіренді Трамп.
Екі ел көшбасшыларының кездесуі басталмас бұрын Ақ үй 21 негізгі тармақты қамтитын және Газаның көршілеріне қауіп төндірмейтін жоспарды жариялады.
Трамптың сөзінше, жоспарға көптеген ел үлесін қосқан. Ол Еуропадағы одақтастармен бірге осы ұсынысты әзірлеуде қолдау көрсеткені үшін араб және мұсылман елдерінің көшбасшыларына алғысын жаудырды.
Жоспар сондай-ақ жергілікті полицияны оқытуды қамтиды, ал Израиль қорғаныс армиясы Газадан әскерлерді кезең-кезеңімен шығаруы керек.
АҚШ президенті "Таяу Шығыстағы бейбітшілікке" жету үшін Нетаньяхумен әлде де бітеқайнасып жұмыс істейтінін айтқан.
Тағы бір айта кетерлігі, қос елдің көшбасшысының баспасөз мәслихаты бір сағаттан аса уақыт кешігіп басталды. Оған басты себеп – Трамптың өтініші бойынша Нетаньяхудың Қатарға қоңырау шалуы. Ол қыркүйек айының басында Дохадағы ХАМАС нысандарына Израильдің зымыран соққысы байқаусызда Қатар әскери қызметкерінің өліміне әкеліп соқтырғаны үшін кешірім сұраған.