Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы шығарып салды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды. Айта кетейік, Италия президенті Астанаға ресми сапармен кеше келген болатын. Тараптар келіссөз жүргізіп, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін бермек.