Әйелі мен баласын өлтірген күдікті ұсталды

Қостанай полицейлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстады.51 жастағы  аудан тұрғыны әйелі мен баласын жан тәсілім еткен. Жантүршігерлік жағдай Әулиекөл ауданында болған.Полицейлер   отбасын ойран еткен күдіктіні ізін суытпай ұстады.Кінәсін мойындаған отағасы  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЕРЛАН СЕРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайларды мұқият анықтап жатыр.Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді.Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады.