Өлген адамның атынан несие алған

Астанада анасы мен ұлы жалған құжаттар арқылы банкке 115 млн теңге несие рәсімдеген. Сондай-ақ, қатерлі ісікпен ауырған әйелдің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, оның атына 155 млн теңге несие алған. Тіпті, әйел қайтыс болғаннан кейін де несие рәсімделіп отырған. Бұл іске банк қызметкерінің де қатысы бар, оған көмектескені үшін 500 мың теңге сыйақы берген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТІГІ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот үкімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерге сатып алынған демалыс базасы, 2000 шаршы метр жер телімі, елордадағы коммерциялық жылжымайтын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.