Астанада «Astaufest» гастрономиялық фестивалі басталды

Астанада аспаздарға арналған халықаралық жарыс басталды. Бұл байқау дәстүрлі түрде өткізіледі. Биыл 6-рет ұйымдастырылған. Онда 300-ден аса аспаз өзара бақ сынаспақ. Жарысқа Гонконг, Үндістан, Франция, Түркия секілді 12 мемлекеттен қатысушылар келді. Мемлекет басшысы Жолдауында еңбек адамдарына ерекше көңіл бөліп, осы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған еді. «Astaufest» гастрономиялық фестивалі сол кәсіптік-техникалық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

ЗӘУРЕ ҚЫЛЫШБАЕВА, «ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұл фестивальдің мақсаты етіп аспаз мамандығын дәріптеу, тамақтану мәдениетін қалаптастыру, жастарға жұмысшы мамандықтың керек екенін, жұмысшы мамандығын өздері таңдаған кезде өз еріктерімен қызығушылықты оятатындығын дәріптеп отырмыз.