«Қариясы бар ел – қазыналы ел». «AMANAT» партиясының өкілдері Халықаралық Қарттар күні қарсаңында Шымкент қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, осындағы қызмет алушыларды арнайы құттықтады. «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты мерекелік іс-шара «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Орталықта тұрып жатқан 165 қызмет алушыға бір-бір жылы жамылғы тарту етіліп, ардагерлерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды. Қарттарға құрмет көрсету қоғамның ізгілігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Бүгінгі мерекелік шара соның бір жарқын дәлелі болды.
БЕЙІМБЕТ АХМЕТҚАЛИҰЛЫ, ОРТАЛЫҚ ТҰРҒЫНЫ:
Көңілімізді көтеріп жатыр. Соның бәрі бізге көп дух береді, әл береді. Андай –мындай ойлағаныңның бәрі кетеді басыңнан...Құрметтеп жатқанына соған біз ырзамыз, рақмет!
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл- бірлікке, ынтымақтастыққа, ең бастысы мейірімге шақыратын іс-шара деп айтқым келеді. Қоғамда бала да, ата да, ана да бір-біріне мейірімі толып тұрса осы қарттар үйі болмайды деген ойдамын.